Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылдық Мәдениет үйінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Мәуліт аталып өтті. Айтулы мерекеге ауыл тұрғындары мен имамдар, мешіт жамағаты қонақ болды.
Аудандық «Бәйдібек» мешіті және аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен берекелі мереке өткізілді. Алғашқы сөз ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлына беріліп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен уағыздар айтып, жамағатты құттықтады. Мерекеге аудандық Мәдениет үйіннің «Дарын» жастар тератры көпке терең ой тастайтын керемет қойылымдарымен таң – тамаша қалдырды.
«Тұрғани» мешітінің имамы Каримов Рахматулла мен «Айша-бибі» ауылдық мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, «Мәуліт» оқыды. Иә, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келуі Ұлы Жаратушының ғаламға сыйлаған ең үлкен нығметі мен жақсылығы екені сөзсіз. Құранда: «Біз сені күллі ғалам үшін рахым етіп қана жібердік»,-деп осы ақиқатты меңзеген. Сондықтан, оның дүниеге келіп, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмметі үшін үлкен қуаныш.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

