ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің тапсырмасына сәйкес, Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары мен ауыл имамдарына өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сол себепті, Жамбыл ауданында №6 Өрт Сөндіру Бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Н. Тұрсынбаев шақырылып, мешітке келген жамағатқа түсірдірме жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты, алдағы уақыттарда аудандағы мешіттерде төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру және оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылып тұратын болды.
Жамбыл ауданы мешітінің баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

