Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл мешіттерінің қыстық дайындықтарын көріп, мешіттің жылуы, ішкі-сыртқы тазалықтарын арнайы аралады. Мешіттің жанында «өрт қалқаны» қойылу керектігі имамдармен жиналыс кезінде тапсырылған болатын. Осыған орай, Айша-бибі, Тұрғани, Ботабай, Бесағаш, Тоқберген ата мешіттерінде қойылған. Оларды аралап көрген аудан имамы жуық арада барлық мешіттерге қойылу керектігін тапсырды.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

