Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы орталық кітапханасында «Айша-бибі» ауылының имамы Қатарбай Таджибаев ауыл тұрғындарына «Ихсан ілімі» жөнінде насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде имамның сөзін мұқият тыңдаған тұрғындар сұрақтар қойып, мардымды жауап алды.
"«Ихсан» – бағзы заманнан мұсылмандық жолды ұстанған қазақ халқының діни түсінігіне етене жақын ілім. Осы ілімді қалыптастыруға Түркістан діни мектебінің негізін салушы Қожа Ахмет Ясауи бабамыз және оның ізбасарлары ерекше еңбек сіңірді. Ортағасырлық тарихи деректерге сүйенсек, Қожа Ахмет Ясауидің қолөнермен шұғылданған сопы екенін, дүние ісіне көп мән бермейтін тақуа адам болғанын байқаймыз" - дейді имам.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

