Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінің имамы Ержан Сапарбеков мешітке келген жамағатқа «Дін және дәстүр» тақырыбында кеңінен уағыз айтты.
Ауыл имамының уағызын мұқият тыңдаған жамағат, өз сұрақтарын қойды. Мешіт имамының тарапынан мардымды жауап алынды. Халқымыз салт-дәстүрге кенде емес. Ертеде салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарғаны белгілі сондықтан да оның ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік және халықтық мәні зор болған. Өйткені, дін адамдары қашанда бейбітшілік, әділдік, имандылық туын көтерушілер қатарынан табылуы тиіс. Қазіргі таңдағы басты мәселе – халықтың асыл қазынасын қабылдау, рухани байлығынан сусындау – салт-дәстүрін, тілін, діні мен ділін жетік меңгеру.Дін мен дәстүр – біздің ұлттық болмысымыз болып қала бермек. Халықтың салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне бүгінгі күнде үлкен мән берілуде.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

