#Меркі: «Жүніс молда» мешітінің ахуалымен танысты

#Меркі: «Жүніс молда» мешітінің ахуалымен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының бас имамы Қанат Талғатұлы Меркі ауданында орналасқан, «Жүніс молда» мешітінің ахуалымен танысты.  Танысу барысында бас имам аталған мешіттің іші-сыртын аралап, атқарылған жұмыстардың жайын байқады.

   Осы мешіттің имамы Дастан Қасималиев бас имамға атқарылған шаруалар туралы баяндап, жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде ауданның бас имамы жұмыстардың бағыт-бағдарын түсіндіріп, тиісті тапсырмалар берді.

  Қанат Талғатұлының ауылдармен танысу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сондықтан мұндай сипаттағы сапарлар жалғасын таппақ.

          Меркі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: