#Жамбыл: Облыстың бас ұстазы аудандық мұражаймен танысты

#Жамбыл: Облыстың бас ұстазы аудандық мұражаймен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданына арнайы іс-сапармен келген облыстық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызына «Бәйдібек» мешітінің ұстазы  Жайна Бекназарова аудандық мұражайды таныстырды.

Мұражайда өңірдің құрметті азаматтары және қазақтың қолөнер бұйымдарын көрсетті. Аудандық мұражайдың меңгерушісі Жазира Туғанбаева барлық экспанаттармен таныстырып өтті. Сонымен қатар, мұражайда көне қасиетті Құран Кәрім де бар. Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.

Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Облыстан келген Гүлжан Серікқызы өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта жиі іс-шаралар ұйымдастыратынын айтты.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: