#Жамбыл: Ауданда «Мәуліт» дастарханы жайылды

#Жамбыл: Ауданда «Мәуліт» дастарханы жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық «Әйел Қыздар» секторының ұйымдастыруымен «мәуліт» мерекесі аталып өтті. Мерекеге Облыстан келген ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы және аудандық «Бәйдібек» мешітінің шәкіттері мен Әжелер алқасы қатысты. Мәуліт мерекесіне арнайы жайылған  дастарханда  аудандық мешіт ұстазы Бекназарова Жайна «Мәуліт» оқыды.

Дүниедегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед «алейһиссалам» 571 жылы сәуірдің 20-на сай келетін рабиуләууәл айының 12-сі дүйсенбі күні түнде таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Барлық пайғамбардың үмметі өз пайғамбарларының туған күнін тойлайды. Бүгін де мұсылмандардың мерекесі. Қуаныш пен шаттық күні. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл сайын бұл түн «мәуліт түні» болып тойланады, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, расулуллаһ еске алынады. Мәулетке қатысқан ұстаздар мен шәкірттер өз алғыстарын ілдірді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: