Ауызбіршілік пен татулық түсіністіктен басталады

Ауызбіршілік пен татулық түсіністіктен басталады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында халықаралық ауызбіршілік, татулық мәселесін көтерген игі шара өтті.

Жиынға ҚХА төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің ахуалдық орталығының бастығы Ерлан Сатыбайұлы,  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Жамаубайұлы, Қордай ауданының әкімі Мәден Тоқтарбайұлы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мен ауданға қарасты ауылдардың имамдары қатысты. 

"Әрдайым ел ішіндегі береке-бірлік, ауызбіршілік ең маңызды рөлге ие. Өйткені, жер бетіндегі өзара келіспеушілік пен дүрдараздықтар белгілі бір мемлекеттің шаңырағының шайқалуына, ел іргесінің сөгілуіне әсерін тизібей қоймайтын. Шүкір, тәуілсіздікке қол жеткізіп, күні бүгінге дейін достығымыз дархан, ынтымағымыз ырысты болып отыр" - деп мамандар татулық жайлы сүбелі сөз сөйлеп, аудандағы халықтың хал-ахуалын қарастырды. Өңір имамдары халық бірлігін арттыру үшін жасалып жатқан шараларды тілге тиек етті. 

Облыс бас имамы "Ауызбіршілік" - "Жеті рухани қазықтың" бірі екенін жеткізді. 

Тұрақтылықтың негізгі діңгегі – ауызбіршілік. Халқымызда «Береке басы – бірлік», «Бірлікті ел бұзылмас» деген аталы сөздер бар. Болашағымыздың жарқын болуы бүгінгі бірлігімізге тікелей байланысты. Бірлігімізге бекем болсақ, болашағымыз баянды, берекелі болары хақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: