#Жамбыл: Қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

#Жамбыл: Қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданының «Әйел қыздар» секторының меңгерушісі, ұстаз   Бекназарова  Жайна және аудандық «Бәйдібек» мешітінің жанындағы Қамқор дүкенінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

Іс-шараға облыстық «Әйел қыздар» секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы және аудандық «Әжелер алқасының» төрайымы Үміткүл апа да қатысты. Жәрмеңкеге көпбалалы аналар мен жағдайы төмен отбасылар шақырылып, көмек үлестірілді. Қайырымдылық – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығымен және таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады.

"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің," — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық - адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Жәрмеңгеке келген отбасылар өз алғыстарын жаудырды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: