#Шу: Имам спортшылармен сұхбаттасты

#Шу: Имам спортшылармен сұхбаттасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала: «Ескерт, расында ескерту мүміндерге пайда береді», -деген.   "Зарият" сүресінің 55-аятында айтылған осы өсиет мұсылман қауымын бейқам болмауға шақырады. Сондай-ақ білмеген дүниені білім иелерінен ұғып, үйренуге  үндейді.

Осыған орай, Шу ауданы Белбасар ауылындағы  «Хати Сауранбай» мешітінің имамы   Бақытжан Тілемісов осы ауылдағы заманауи «Белбасар» спорт кешенінің жаттықтырушылары мен жас спортшылармен жүздесуге шақырылды. Жиылғандар жастар тәрбиесі және жат ағымдардан сақтану, экстремизмнің ел қауіпсіздігіне зияны турасында уағыз насихаттың нәрімен сусындап,  өздеріне керекті діни тұрғыдағы ақпаратқа құлағдар болды.

 Жиын соңында   ұжым басшысы А.Расилов Бақытжан имамға алғысын білдіріп, жиірек кездесіп тұруға ниетті екенін жеткізді.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми»  мешітінің баспасөз  қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: