Жуырда Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев Алға ауылдық округінде болып, «Амангелді» мешітінің ахуалымен танысты. Танысу барысында Бахтияр Амантайұлы аталған мешіттің іші-сыртын аралап, атқарылған жұмыстардың жайын байқады.
Осы мешіт имамы Әбубәкір Абдрайымов бас имамға атқарылған шаруалар туралы баяндап, жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде ауданның бас имамы жұмыстардың бағыт-бағдарын түсіндіріп, тиісті тапсырмалар берді.
Бахтияр Амантайұлының ауылдармен танысу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сондықтан мұндай сипаттағы сапарлар жалғасын табатын болады.
Байжан ЕМБЕРДІ,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



04 Қараша 2025
13 Джумада-авваль 1447

