#Шу: Мешіт имамдары кеңес отырысына қатысты

#Шу: Мешіт имамдары кеңес отырысына қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен аптаның  жұмасы күні Шу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында  аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі  кеңес отырысы өткен болатын. Осы кеңестің төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Е.Аймамбетовтің жүргізілуімен өткен жиынға  Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев, қала және ауылдық мешіттердің имамдары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мешіт имамдарының жат ағымдарға қарсы насихат жұмыстарын жүргізіп, адамзатқа тән емес зиянды әдеттер туралы толыққанды мәлімет беріп, белсенді жұмыс істеп жүргенін атап өткен аудан әкімінің орынбасарынан кейін аудандық білім бөлімінің осы саладағы атқарылған шаралары тыңдалды.  Сондай-ақ Жаңа жол және Бірлік ауылдарының әкімдері Д.Әліпбаев пен Е.Қосақовтар баяндама жасап, округтеріндегі ахуалды таныстырып өтті. 

Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының Шу ауданы бойынша бөлімше басшысы Мая  Қамбар да сөз алып, дәйектерді алға тарты.  Өз кезегінде Бахтияр Амантайұлы да сөз алып, жүргізілген жұмыстар жайын айтып, аудандағы мұсылман бағытындағы діи ахуалды  жақсарту жөнінде ұсынысын ортаға салды. Сондай-ақ мешіт имамдары да өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, мектеп әкімшілігінің бақылауымен оқушылардың жұма  намазына қатынасуына ықпал тигізуді  сұрады. Себебі жас  ұрпақ бойына біліммен қатар рухани азық  сыйлау маңызды. Сол арқылы олар жат ағымнан аулақ, зиянды әрекеттен ада болады деген пікірлер айтылды.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: