#Шу: Мешіт - мейірім мекені

#Шу: Мешіт - мейірім мекені

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт - мұсылман халқымыз үшін қастерлі орын. Қасиетті Құран мен салихалы  сүннетте де мешіт турасында көптеген аяттар мен хадистер бар. Бүгінгі таңда мешіттер мейірім мекеніне айналып, қайырымдылық шараларының ұйытқысы ретінде үлкен рөл атқарып келеді. Осындай сипаттағы шаралар Шу ауданында көптеп өтуде.

Жуырда ауданымыздың Бірлік ауылдық мешітінің имамы Медет Жұматаевтың ұйымдастыруымен, демеушілер көмегімен 1  қой сойылып, 3 отбасыға еті таратылып, әлеуметтік аз қамтылғандар жандардың алғысы алынды. Сондай-ақ суық мезгілдің жетуіне байланысты  Ақтөбе ауылдық округінің  «Жылғабек» мешітінің имамы Әбусейіт Қоспановтың мұрындық болуымен 3 жанұяға 100 мың теңгеден таратылып, көгілдір отынға қосылу үшін алғашқы жарналары төленді.  Көмек алған жандар ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғыстарын білдіріп, ізгі ниеттерін жеткізді.

Байжан Емберді,

Шу  аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз  қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: