Облыстық мешітте жаңа ерлер дәретханасы іске қосылды

Облыстық мешітте жаңа ерлер дәретханасы іске қосылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде жаңа ерлер дәретханасы қолданысқа берілді. Жаңа заманауи құралдармен жабдықталған дәрет алу бөлмесі ыстық-суық сумен қамтамасыз етілген. 

Ғимарат дәретхана, жуыну бөлмесі, құман тұратын бөлме, кіреберістен тұрады. Тазалыққа қажетті барлық сабын, ілгіш, дәретхана қағазы сынды қажеттіліктер қойылған.

Ғимаратты ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ресми ашып, мешіт имамдары мен қызметкерлері қатысты.

Айта кетейік, жаңа дәретхананы тұрғызуға халықтың садақа жәшігене салған садақасы мен демеушілер қаражаты жұмсалды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: