#Жамбыл: Алла жолында адал қызмет

#Жамбыл: Алла жолында адал қызмет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық  Жастар орталығында ауданның бас имамы Ғайырфулла Қунышбекұлы жастар орталығының қызметкерлеріне «Алла жолында адал қызмет» тақырыбында кеңінен уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуде қызметкерлерге аудан имамы адал қызмет етудің пайдасы жөнінде тақырып өтбітті.

Саналы ғұмырында адал жолмен мал табу, қоғамға, Отанға адал қызмет ету - Алла Тағаланың адам баласына жүктеген міндеттерінің бірі. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен тер төкпестен,  алдап-арбау, түрлі қулық-сұмдық жолдармен тапқан дүниенің қайырлы болмасы белгілі. Жалпы, қандай да бір игілікті істі жасарда Аллаға тәуекел етіп, медет тілеген жанға Жаратушы Иеміздің өзі медет болады. Сондықтан адал қызмет жасап, әрбір бастаған ісімізді Алланың атымен бастайық, әрі қандай жағдай болса да сабырлы бола білейік, сонда ғана шынайы құлға тән қасиетке ие боларымыз сөзсіз.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: