Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінде ауыл имамдарымен 9 айдың қорытындысы жөнінде жиналыс өтті. Аудан имамы облыста өткен жиналыста Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің алғыс хатымен марапатталғанын айтып, бұл еңбекте ауыл имамдарының да үлесі бар екендігін айтты.
Бір ауыздан атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесінің арқасында болғандығын айтты. Облыстан келген жеті бағыт бойынша тапсырмаларын ауыл имамдарына жеткізді.
Мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын қадағалап, мешітке келген жамағаттар бетпердемен болуы. Бұдан өзге жеті бағыт бойынша жастарға «Дін және дәстүрді» насихаттау керектігі тапсырылды. Сонымен қатар, жат ағымның және қайырымдылық, қайырымдылық пен уағыз-насихат, сауат ашу курсын оқытуды қолға алу керектігін жеткізді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

