#Шу: «Төле би» мешіті тотыдай түрленуде

#Шу: «Төле би» мешіті тотыдай түрленуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт - жердегі Алланы үйі  деп бағаланады. Оның көркі де, күші де  сол жамағат. Оның әрлі, әрі сәнді болуына да жамағаттың қосатын үлесі зор. Бүгінде  тап-тұйнақтай, жылы мешіттер айтылғын сөзіміздің  айқын дәлелі болмақ.

Қазіргі  таңда аудан орталығындағы «Төле би» мешітіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, осы мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен мешіт іргесінде дәріс бөлмесі, Құран оқу бөлмесі, қарауыл бөлмесі, кіре беріс бөлмелері заманауи талаптарға сәйкес жөнделіп жатыр. Есіктері ауыстырылуда. Сонымен қатар дәретхана ішіне жылы еден орнатылып, кір  жуу бұрышы жасалып,  тақтайша тастары жаңартылуда.  Бұдан бұрын көпшілік көмегімен асхана іші әрленіп, әзірленген болатын.

Алдағы уақытта Алла жазса төлебилік жамағат өздеріне жасалған қолайлы жағдайға куә болмақ.  Осы істің ілгерілеуіне демеушілердің сүбелі үлесі бар екенін айта кеткен жөн.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: