Апта басында Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлы мен «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлын қабылдап, тағайындалған жаңа қызметтерімен құттықтады.
Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал төңірегінде әңгіме өрбіп, аудан басшысына алдағы уақыт еншісінде атқарылатын жұмыстардың жоспары баяндалды. Әсіресе жат ағымдармен күрес жүргізу, қарсы имунитет қалыптастыру барысында жүйелі жұмысқа қос тарап біріге отырып тартылу керектігі айтылды. Бүгінгі таңдағы берекелі шаруалар жайы жеткізілді.
Нұржан Сәбитұлы діни тұрақтылықты сақтау мақсатында аудандағы дәстүрлі діни бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтып, өз тарапынан қажетті қолдаулар болатынын тілге тиек етті.
Байжан ЕМБЕРДІ,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі