БАС ИМАМ БАБАЛАР РУХЫНА 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ

БАС ИМАМ БАБАЛАР РУХЫНА 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ер түріктің бесігі болған киелі Түркістан қаласында "Балалар рухына 100 хатым дұғасы" салтанатты шарасы өтті. 

 Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған игі іс-шараға өңірден ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы барып қатысты.

Шараға дейін республика бойынша 100 рет қасиетті Құран толықтай оқылған болатын. Қорытынды хатым дұғасын жасауға Түркістан қаласында жиналған Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері мен қарилар еліміздің игілігі мен болашағы үшін құрбан болған батырларымыз бен хан-сұлтандарымыздың, талай нәубетті замандарда репрессияға ұшыраған ата-бабаларымыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап, жарылқау тіледі. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің ертеңі мен халқымыздың бірлігі мен амандығы үшін дұға жасады.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: