#Шу: Қайырымдылық - қадірлі іс

#Шу: Қайырымдылық - қадірлі іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қолы ашықтың жолы ашық» деген халқымыздың қазыналы сөзіне қарсы ешкім уәж айтпас. Жомарттық жасаған жоқ болмайды,  қайырымды адам қор болмайды. Бұл туралы асыл дінімізде аз айтылмаған.

Рабиғул әууәл айының алғашқы  жұлдызында Шу ауданы "Төле би" мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткен болатын.  Аталмыш шарада  жағдайы төмен 12 отбасыға талғажау етерлік азық-түлік түріндегі көмек көрсетілді.  Солардың ішінде Абдурахман қарияның шаңырағына да ет,сұйықмай, пияз,  қант пен шай, құрма секілді қажетті азық салынған себет тапсырылды.  Өзіне бөлінген көңілге разы болған ақсақал батасын беріп, баладай қуанды. Сонымен қатар 2 отбасының балалары мешіт тарапынан қажетті киімдермен қамтамасыз етілді.

"Жалпы жақсылыққа жұмсалған  қаражат 120 мың теңгені құрағанын айта кету керек.  Мұндай игілікті шараларды мазмұны терең, мағынасы кемел екені сөзсіз. Сондықтан алдағы уақытта жалғасын табатын болады," - дейді ұйымдастырушылар.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: