Жуырда ғана тағайындалған ауданның бас имамы Бахтияр Әміреев өзінің жұмыс жоспарына сәйкес бірқатар ауылдарға барып мешіттерді зерделеп, жамағатымен жүздесіп жүр. Сондай-ақ шақырылған іс-шараларға да белсене қатысып, әртүрлі аудиториямен әңгіме өрбітуде. Сондай салиқалы жүздесудін бірі - аудандық мәслихат хатшысының қабылдауы.
Шу аудандық мәслихат хатшысы Жасұлан Әбенов ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлын қабылдап, жаңа әрі жауапты қызметімен құттықтады. Екі сала да ел игілігі үшін жұмыс істеу керектігі айтылған бұл кездесуде Жасұлан Әлкенұлы бас имамның жұмысына береке тілеп, бірлесіп жұмыс атқаруға ынталы екенін жеткізді.
Өз кезегінде Бахтияр Амантайұлы да жылы жүздесуге разылығын білдіріп, аудандағы діни ахуалдың жақсаруына барынша үлес қосатынын атап өтті.
Байжан ЕМБЕРДІ,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі