Бүгін Қордайлықтар "Нұр-Мүбәрак" Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Оралхан Сейдмановтың өнегеге толы көркем уағызын тыңдады.
Қордай орталық мешітінде өткен насихат кешіне қарасы қалың жамағат жиналып, бауырмашылық жайлы сүбелі уағызбен сусындады.
Білікті маман бауырмашылық қандай болуы керек, бауырға жақсы мәміледе болу, жақсы ойда болу турасында көпшілікке терең ой салды. Сонымен қатар насихат айлық дастарханда жалғасын тауып, жамағат ұстазмен ас үсті сұқбаттасты.
Оралхан Сейдманов көпшіліктің көкейкесті сауалдарына дәйекті жауаптар берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі