Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің имамы Танатаров Ғани ұлағатты ұстаздарға арнап кең дастархан жайды. Ұстаздарға арналған дастарханда «ардагер ұстаздар» қонақ болды.
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі