#ЖАМБЫЛ: Сәлем түзелсе, әлем түзеледі

#ЖАМБЫЛ: Сәлем түзелсе, әлем түзеледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жұма намазына келген жамағатқа «Сәлем түзелсе, әлем түзеледі» деген тақырыпта уағыз-насихат айтты.

Жұма уағызын  мешіт жамағаты да мұқият тыңдады. «Сәлем – сөздің анасы» дейтін қазақ халқы қашан да сәлем беруге үлкен мән берген. Адамдар бір-бірімен кездескен уақыттарында ең бірінші әдеп те осы сәлемдесуден басталады. Ата-бабаларымыздың «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені, жақындықтың белгісі – кешіктірмей келгені» дейтіні осыдан.

Әлемдегі барша мұсылман халықтары бір-біріне «Ассаламуғалайкум» (Сізге Алла Тағаланың сәлемі болсын) деген үлгіде сәлем береді. Оған жауап ретінде: «Уағалайкум әссалам» (Сізге де Алла Тағаланың сәлемі болсын) деп айтылады. Бұл амандық сұрау әдебі деп түсінгеніміз жөн!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: