#ТАРАЗ: Қарияларға сый-құрмет көрсетілді

#ТАРАЗ: Қарияларға сый-құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ үйдің төрін үлкендер үшін сайлап, үлкен кетсе, бақ-дәулет, ырыс кетеді деп, қайтыс болған соң нәзір беретін болған. "Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең" деп жасы кішілер оларға құрмет көрсеткен. "Төріңнен қарт кетпесін" деп, той-томалақты батасыз бастамаған, қариялардан бата алуға тырысқан. Ауыл қариялары көп оқымаса да өздерінің үлкен кісілерден көргенін, табиғаттан үйренгенін, қазақи ұғымнан түйгенін дәріптеген.

Осы үрдісті жалғастыра отыра Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінде қарияларға сый-құрмет көрсетілді. Тараз қаласының бас имамы Дауренбеков Орынбасар жұма намазына келген қарияларды ортаға шығарып шапан жауып, көпшілік алдында сыйлықтар берді. Өз сөзінде бас имам қариясы бардың қазынасы бар екендігін айтып, арамызда жүз жасаңыздар деген тілекпен қарттар күнімен құттықтады.

Қариялар арасынан жасы сексенге келген абыз ақсақалдарды сыйлап отырған имамдарға алғысын айтып, қасиетті батасын берді.

 

Алмуханбет Егизбаев

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің наиб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: