Жамбыл облыстық Һибатулла–Тарази мешітінің бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы Сарысу өңіріне іс–сапармен келді. Іс–сапар барысында облыстың бас имамы аудан мешіттерінің тыныс–тіршілігімен танысты. Аудандық мешітте болып, қысқа дайындықтың жайын, мешіттің ішкі- сыртқы жағдайларымен танысқан басшы, келешекте мешіт жанынан қызметтік үйдің салынуына орын бар екеніне көңіл аударды. Аудандық мешіттің бас имамы жақын келешекке жасалынып отырған мешіт жанындағы құрылыс жоспарларымен таныстырды.
Орталық мешіттен кейін тағы мешіттерді аралап көрген Бейбіт Әліпбекұлы аудандағы діни ахуалдың бүгінгі күнге қандай жағдайда екенін көріп, кейбір көңіл толмайтын жағдайлардың да бар екенін ескертті.
Мешіт молдаларымен тілдесіп, мешіттердің кіре берістерін көріктендіруге көңіл бөлу керек екенін айтты. Өйткені мешіттердің жәй ғана намаз оқитын адамдар келіп намаздарын оқып кететін орын ғана емес, білім үйренетін, әдеп–ахлақтың, мәдениеттің ошағы екенін ұмытпауымыз керек.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі