Бүгін Шымкент қаласында Бас мүфтидің бастамасымен, ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен «Halal EXPO-2021» көрмесі басталды. «Halal EXPO-2021» халықаралық көрмесіне өңірден ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев барып қатысты.
ҚМДБ бекіткен 7 бағыттың ішінде "Халал асқа" да аса маңыз берілген. Жамбыл өңірінен барған Облыс бас имамы Бас мүфти бастаған делегациямен жәрмеңкені толық аралап шықты.
Айта кетейік, көрмеге 50-ден астам отандық кәсіпорынның өнімдері қойылды. Шараға көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғыз елінің де кәсіпкерлері өз тауарларын алып келген болатын.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

