#Қордай: Қыз-келіншектерге насихат жүргізілді

#Қордай: Қыз-келіншектерге насихат жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінде "Әйел-қыздар "секторының ұйымдастыруымен мешіт ұстазы  Эльмира Есімқараеваның ұйытқы болуымен қыз-келіншектермен бас қосу өтті.

Жиынға арнайы ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Әйел-қыздар "секторының жетекшісі, "Һибатулла Тарази "мешітінің ұстазы Гүлжан Серікқызы келіп қатысты. 

Жиында ұстаз әйел жамағатына білім алудың пайдасы, артықшылықтары, ілімге деген құрмет, әрі ұстазға деген құрмет жайында насихат айтты. Сонымен қатар білім алудағы табандылық, сабырлық, ниеттің дұрыс болуы жайында көркем әңгіме өрбітті.  Жамағат көкейіндегі сұрақтарын қойып, дәйекті жауаптар алды. Шара соңында дастархан басында уағыз-насихат жалғасын тапты.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: