#Жамбыл: Аудан имамы мешіт жамағатымен кездесті

#Жамбыл: Аудан имамы мешіт жамағатымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылы «Бірлесу-Еңбек» мешітінде Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешітке келген жамағатпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудан имамы мешіт ақсақалдарына мешіт тәртібі мен жастардың қоғамдағы тәрбиесі жайында кеңінен сөз қозғады. Әңгіменің әлқиссасы сол  мешіт жамағатының мешіт тәртібіне бағыну қажеттілігін айтып түсіндірген ауданның бас имамына мешіт ақсақалдары толығымен келісетіндіктерін жеткізді.       

"Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына тікелей себепші болатын орын. Адамның туғанынан бастап  өмірден өткенге дейінгі діни рәсімдер мешітте өткізіледі. Мәселен мешітте балаға ат қою, неке қидыру, жаназа шығару сияқты көптеген діни рәсімдер орындалады. Алайда кез келген  орынның, ортаның өзіндік әдебі, мәдениеті болған секілді мешіттің де өзіндік әдебі бар екендігін естен шығаймайық!" - дейді имам. 

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: