#Қордай: "Жусан" операциясымен елімізге оралған келіншектермен сұқбат жүргізілді

#Қордай: "Жусан" операциясымен елімізге оралған келіншектермен сұқбат жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы мен Қордай аудандық мешітінің ұстазы Эльмира Есімқараева "Жусан" операциясымен елімізге оралған келіншектермен сұқбаттасты.

Әйелдермен жүздесу барысында мұсылман адамның шынайы келбеті қандай болу керек, деструктивті діни ағымның қоғамымызға тигізер зияны, бір-бірімізге деген бауырмашылдығымыздың артуы үшін қандай амалдар жасауымыз керектігі сөз болды. Білікті ұстаздар келіншектермен ашық тілдесіп, сырласып, ақтарыла сөйлесті. "Мұсылманның шынайы келбеті" жайлы насихат айтып, өзге де сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында жат ағымның жетегінде кетіп, енді өзгереміз деп ниет етіп жүрген қаракөздерімізге мешіт тарапынан сый-сыяпат үлестірілді. Жиынға қатысушы келіншектер алғыстарын білдіріп тарқасты.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: