#Жамбыл: Ұстаз түсіндіру жұмыстарын жүргізді

#Жамбыл: Ұстаз түсіндіру жұмыстарын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Түсіндіру кезінде басты назарда болған тақырып «діни алауыздық» және «жастар тәрбиесі» жайында болды.

Қазақ қоғамында жас­тарға ежелден ерекше сеніммен қараған. Бүгінгі жастың ертеңгі ел ағасы болатынын естен шығармаған аға буын өкілдері тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлген. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген дана халқымыз бала тәрбиесінің бесіктен басталатынын меңзесе керек.

Өмірге жаңа келген нәрестеге бесік жырын айтып ұйықтатудың өзі бала тәрбиесіндегі алғашқы қадамдар болып есептелген. Қорыта айтқанда, елі­міздің болашағы үшін тек білімді жастарды өсіру аздық етеді, бойына рухани құндылықтарды дарыта білген жас буын өкілдерін тәрбиелеп шығарғанда ғана Қазақ елі ғасырлар белесінен сүрінбей өтетіні хақ. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін ұмытпайық.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: