#Қордай: Әжелермен сүбелі бас қосу жасалды

#Қордай: Әжелермен сүбелі бас қосу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әже атаулысы қашанда ыстық, тіпті бұл сөздің өзінен құшағын жайып тұрған ақ әженің бейнесі елестейтіні жасырын емес. Ал бүгінде әжелердің қоғамдағы орны қандай? Бұл жайлы Қордай ауылында аудандық орталық мешіттің ұйымдастырумен өткен шарада талқыланды.

Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы, ауданның бас ұстазы Эльмира Есімқараева және "Әжелер алқасының" мүшелері қатысты. 

"Қоғамдағы әжелердің орны" тақырыбын арқау еткен сүбелі бас қосуда көпшілік өз пікірлерін білдіріп, қоғамда болып жатқан жайттардан мысалдар келтірді. 

Ұстаздар: ""Өсетін елдің қарты - қазына болар, өспейтін елдің қарты - қазымыр болар" - дейді дана халқымыз.  Әжелер бұл - алтын қазына, мейірім, махаббат, даналық үлгісі, парасат пен үлгі-өнеге көзі. Осындай қарияларымыздың бар болуы бізге үлкен нығмет. Жастарға бағдар беретін, ақыл-кеңесін айтатын, жылы сөзін аямай көңілге жылу сыйлайтын әжелеріміздің орны бөлек," - деп атап өтті.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: