#Жамбыл: Жастар арасында кіші футболдан турнир өтті

#Жамбыл: Жастар арасында кіші футболдан турнир өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданында орталық «Спорт кешенінің» ұйымдастыруымен жастар арасында кіші футболдан турнир өткізілді. Кіші футболға жергілікті тұрғындар арасынанда командалар қатысты. Жастардың денсаулығын нығайтуға бағытталған бұл іс-шараға ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы да қатысты.

Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек? Әрине, атап айтпасада белгілі емес пе, күнде спортпен айналысып тұру қажет. Денсаулық – бізге берілген аманат екендігін есімізден шығармайық!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: