Есепшінің жұмысы мұқияттылық пен дәлдікті талап етеді. Себебі, олардың қолында жәй ғана сандар емес, білдей кәсіпорындардың тұрақты жұмысы мен адамдардың тағдыры. Осыған байланысты 6 қазан - халықаралық есешілер күні болып тағайындалған.
Бүгін "Есепшілер" күніне орай ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев орталық "Һибатулла Тарази" мешіті мен медресе-колледжінің есепшілеріне алғыс білдірді.
Кіріс-шығыстарды мүдірмей есептеп, қаржы саласын жүргізіп отырған ақжаулықтыларға шоқ гүлі мен тәттісін тарту етіп, жұмыстарына жеміс, береке тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі