#Шу: Шүкірлік дастарханы жайылды

#Шу: Шүкірлік дастарханы жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында Алла үйі саналатын мешіттер баршылық. Аухалдары да алуан түрлі.  Соңғы уақытта жамағат күшімен салынған мешіттің бірі ол Шу қаласындағы Тоғай мөлтек ауданындағы «Тоғай» мешіті болды.  Бұрын бұл мөлтек аудан  тұрғындарының жұма намазына қатысуы қиын болатын. Оған себеп мешіттердің алыстығы және жолдың ұзақтығы. Соны бастарынан  өткерген көпшілік жиылып, құтхана  салған болатын. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, Аллаға шүкір айтып,  құран оқытамыз  деген ниетпен жамағат қаржы жиған, алайда дерттің кесірінен бас қосу кейінге қалған болатын.

Эпидемиялық ахуал бір ізге түскендіктен,  сол ниетті орындау қарттар күні қарсаңында орындауға мүмкіндік туды. Жамағат шүкіршілік дастарханына жиылып, өзара шүйіркелесіп,  азан дауысын жақыннан еститіндіктеріне қуанды.  Дастархан басына мешіт имамы Мағжан Мұратұлы Құран аяттарын оқып, дұға бағыштады.   Жиылған қауымға уағыз айтып, жергілікті мешіттен намаз  оқып, ауызбіршілікті нығайтуға үндеді.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: