Ұстаздар күні медресе шәкірттері ашық сабақ өтті

Ұстаздар күні медресе шәкірттері ашық сабақ өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде "Ұстаздар" мерекесіне орай ашық сабақ жүргізілді. 

Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, оқу орнының директоры Сәкен Сейдикаримов, ұстаз Жарбол Ақжігіт және барлық 3 курстың шәкірттері қатысты.

Бас имам өз сөзінде ұстаздың ұлағаты, шариғатымыздағы ұстазға деген құрмет, ұстаздықтың сауабы жайлы тілге тиек етіп, медресе оқытушыларын төл мерекелерімен құттықтады. 

Ал студенттер білім алу, ұстазды құрметтеу, білімді тарату жайлы аят, хадистерден, ғибратты оқиғаларды атап, ұстаз алдын көрудің маңызы жайлы ашық тәрбие сағатын жүргізді. Сондай-ақ шәкірттер өз ұстаздарына алғыс білдіріп, жүрек жарды тілектерін жеткізді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: