Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылының әкімшілігінде ауыл имамы Абилов Ансар ауыл тұрғындарына «Адал табыс табудың артықшылығы» тақырыбында кеңінен уағыз айтты. Тұрғындармен кездесуде ауыл имамы адыл еңбек арқылы келген адыл табыс жөнінде бірер қызықты оқиғалармен бөлісті. Жүздесу соңында тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Шындығында, дүние деген бір қабат мұз секілді, күн шуағы түскенде лезде еріп жоғалады. Бұл адам баласы үшін үнемі есте жүруі тиіс мәселе.
Халқымызда: «еңбегі бардың өнбегі бар», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген аталы сөздер бар. Бұларға тереңнен үңіліп, жете зер салсаң көптеген мәселелерге көз жеткізе түсесің. Халық айтса қалт айтпайды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі