Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншарип қажы мен наиб имамы Қуаныш Досымжанұлы халықаралық қарттар күні қарттарға құрмет көрсетті.
Аудан әкімі ауданның қарттарын кең дастарханға шақырып, сый-сыяпат беріп құрмет көрсеткен болса, ауданның бас имамы да сол іс-шараға қатысып, іс-шарадан кейін қарт мүгедек, мұқтаж әжелерге барып, зиярат етіп, қайырымдылық жасады. Аудан имамдарына разы болған қарттарымыз батасын беріп шығарып салды.
Тузелбеков Қуаныш
Т. Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

