#Шу: Асаршыларға көңіл бөлінді

#Шу: Асаршыларға көңіл бөлінді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқының ғұрыпындағы ғажап дәстүрдің бірі - асар.  Асар дегенде ағайынның ықыласы бөлек. Көмекке зәру жандарға асарлатып үй салу бүгінгі таңда жүріп жатқан сауапты істердің бірі әрі бірегей болып қала бермек. Ол сөзсіз шариғат тұрғысынан құпталған дүние. Ал, асаршыларға да әл болу  үшін көмек көрсету, үй салуға берілетін сауаппен тең амал. Оны Пайғамбарымыздың (Оған  Алланың игілігі мен сәлем болсын) хадиістеріне аңғарамыз. "Кімде-кім мұсылманның жәрдемінде болса, Алла оның жәрдеміне жарап береді" деген хадис бар.

Осыған орай Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев Шу қаласындағы көпбалалы отбасыға арналып  асарлатып салынып жатқан үйдің құрылысымен танысып, қайырымды жұмыстан  қажымайтын құрылысшыларға бір қойды мешіт атынан садақа  ретінде берді. 

«Жастар ресурстық орталығы»   қызметкерлері мен ерікті жастардың ұйымдасуымен көтеріліп жатқан құрылыс қарқынды жүргізілуде. Көпшіліктің де қосып отырған үлесі мол. Бахтияр Амантайұлы асаршыларға батасын беріп, күш-қуат тіледі.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: