#Жамбыл: Қарттарға Ихсан ілімі насихатталды

#Жамбыл: Қарттарға Ихсан ілімі насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мен найб имам Жандос Жұмағұлов аудан ақсақалдарына «Ихсан ілімінің» маңыздылығын түсіндірді.

Асыл дініміз мұсылманның, тіпті мұсылман емес өзге дін өкілдерінің өзіне тән ақыларын беруді бұйырған. Түйіндеп айтқанда, ихсан – Алла мен адамның ақысын беруге тәрбиелейтін ілім.  Хасан Басри (Алла оны өз рақымына бөлесін) былай деген екен: «Балаға Аллаға мойынсұнуды бұйырып, ізгілікті үйретіңдер». Бала жастайынан Аллаға бойсұнып, Оның әмірлерін орындап, әдеп пен адамгершіліктің аясында өмір сүретін болса болашағы жарқын болады.

Халқымызда: «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», –  деген қанатты сөз бар. Демек, баланың жақсы азамат болып қалыптасуы ата-анаға тікелей байланысты. Өйткені, бала үйде көргенін қайталайды. Міне, «Ихсан ілімі – рухани тәрбие көзі» деген кітап арқылы аудан ақсақалдарына осындай маңызды мағлұматтар айтылды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: