#Жамбыл: Қазыналы қарттарымызға қамқорлық

#Жамбыл: Қазыналы қарттарымызға қамқорлық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудан орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мен аудандық мешіттің найб  имамы Жұмағұлов Жандос бес уақыт намазда мешітке келетін аудан ақсақалдарына қамқорлық жасады.

Мешітке келуші қарияларға ауданның бас имамы «құттықтау хат» табыс етті. Сонымен қоса, қарияларға шапан жауып, батасын алды. «Қарты бар ел – қазыналы ел» демекші, қарттарға қамқорлық көрсету – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. 

Біз «Қарты бар ел – қазыналы ел» деп қарттарымызды қазынаға балаған халықпыз. Салтына берік, аманатына адал, дәстүрін дәріптеген әрбіріміз дария көңіл, тау мүсін қарттарымызбен, ақ жаулықты аналарымызбен мақтанамыз.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: