#Тараз: Мешіттің спорттық алаңы ашылды

#Тараз: Мешіттің спорттық алаңы ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы, Құмшағал алқабында орналасқан «Нұр» мешітінің дене шынықтыру алаңы ашылды. Салауатты өмір салтын ұстану, жастарымызды ішкілік пен темекіге салынудан қайтару және деструктифті діни ағым жетегінде кеткен қандастарымызды осы спортқа шақыру арқылы олардың көңілдерін аулай отырып төл мәзһабымызды насихаттау мақсатында құрылған Фитнес орталығы, дене шынықтыру жабдықтарымен толықтай қамтылған. Дене шынықтыру залын жабдықтауға 3 500 000 тг жұмсалды.

Ашылу салтанатына Жамбыл облысы бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы мен Тараз қаласының бас имамы Дауренбеков Орынбасар Орымбайұлы қатысты. Дене шынықтыру алаңымен қоса мешіт жанынан сауат ашу курсы барлық оқу жабдықтарымен қамтамасыз етіліп жасалған болатын. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген бас имам өз  сөзінде мешіт жанынан осындай алаңның салуына атсалысқан мешіт имамы Калимбетов Азатқа алғысын білдірдіп, жастар болашағын ойлап демеушілік қылған, жақында ғана о дүниелік болған спорт чемпионы ағамызға Алла Тағала рахым-мейіріміне бөлесін деп дұға қылды.

"Әулие-ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: