#Шу: Ауыл мешіті жанынан асхана ашылды

#Шу: Ауыл мешіті жанынан асхана ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан халқы жылда атап өтетін 1-қазан халықаралық қарттар күні биылғы жылы қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келіп отыр. Қос мереке қарсаңында Шу ауданы Бірлікүстем ауылындағы мешіттің ауласына 160 адамға арналған асхана ашылып отыр. Осы шараға Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы арнайы барып, ауыл тұрғындарымен бірге ашылу салтанатына қатысты.

Ашылу салтанатынан бұрын сауапты құрылысқа қол ұшын берген азаматтарға ауыл әкімі А.Қуанышов көпшілік алдында құрмет көрсетіп, сияпат үлестірді.  Ауызбіршіліктеріне алғысын жеткізді. Әлеумет алдында сөз алған Бахтияр Амантайұлы бірлікүстемдік ағайынның ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарын жұма күнімен қатар келген қарттар мерекесімен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді. Атаулы күнге орай Құран мен хадистерден мысал келтірді.

Қариялардың жүрекжарды лебіздерінен соң, аталардың қатарында бас имам асхананың лентасын қиып ішке енді. Салтанат соңы жайылған ақ дастарханға отырыспен жалғасып, құран оқылып, дұға жасалды.

Осы сапар барысында асар атты асыл дәстүрмен соғылып, пайдалануға берілген баспана иелерінің қуанышымен құттықтап, баянды болсын деп бата берілді.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: