#Шу: Қыз-келіншектер бас қосты

#Шу: Қыз-келіншектер бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Исламдағы әйел кісілердің орны ерекше. Қызды аялау, тәрбиелеу, қарындасты қорғау, жұбайына жылы мәміледе болу, ананы ардақтау сынды дүниелер Құран мен сүннетте толыққанды баяндалғаның баршамыз жақсы білеміз. Ал, халқымызда ұлтты тәрбиелегін келсе қызды тәрбиеле деген тәмсіл бар. Сондықтан мешіт жанындағы нәзік жандылардың бас қосып, білім алып, өзара ынтымақтарын арттыру ҚМДБ басты жұмыс бағыты.

Жуырда Шу ауданына Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Алдасаева Гүлжан Серікқызы арнайы келіп, әйелдер жамағатымен жүздескен болатын.

Кездесу барысында Гүлжан ұстаз қыз-келіншектерге білімнің биік дәрежесі,  жат ағымның ара жігін ажыратып білу, олардың зиянынан қорғану, жақындарды сақтандыру сынды тақырыптарда насихат жасап, салихалы сұхбат өрбітті.

Шулық әйел жамағаты  білім иесіне сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Пікір алмасып, ақыл-кеңеске құлақ түріп. Рухани қайнардан шөл қандырды.

Мұндай бас қосулар руханиятымызға ауадай керек екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: