#ТАРАЗ: Жаңа мешітке имам тағайындалды

#ТАРАЗ: Жаңа мешітке имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласы Казарма алқабынба жаңадан бой көтерген мешітке имам тағайындалды. Аталмыш мешіт ашылу салтанаты еліміздегі карантин жағдайына байланысты кейінге шегерілген болатын. Әсем мешітке Шымкент қаласындағы «Дар-әл Арқам» атты Құран жаттау курсында білім алған Бимурзаев Мухтар имам болып тағайындалды. Жаңа имамды Тараз қаласының бас имамы Дауренбеков Орынбасар Орымбайұлы жамағатқа таныстырды. Келген көпшілік арасынан сөз алған қарт ауылымызда зәулім сарайдай мешіт салынып, имам тағайындалғанына шүкірлік айтатынын жеткізді.

Бимурзаев Мухтар 1979 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Талас ауданы, Майтөбе ауылында мешіт жанындағы 4 айлық курста дәріс алған.

1997-2000 жылдар аралығы Шымкент қаласындағы «Дар-әл Арқам» атты Құран жаттау курсында  білімін жетілдірген.

2001-2005 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылдық мешітінің имамы қызметін атқарған.

2010-2013 жылдары Тараз қаласы «Қамрақұл» мешітінде имам қызметін атқарды.

2013-2015 жылдар аралығында Тараз қаласы «Тектұрмас» мешітінің имамы қызметін атқарды.

2015-2016 жылдар аралығында Тараз қаласындағы «Бегалы ата» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған.

Алмуханбет Егизбаев

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: