#ТАРАЗ: Өкіл имам құрылысы жүріп жатқан мешітті зиярат етті

#ТАРАЗ: Өкіл имам құрылысы жүріп жатқан мешітті зиярат етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мен Тараз қаласының бас имамы Орынбасар Орымбайұлы Тараз қаласы, Көлтоған алқабында жаңадан бой көтеріп жатқан мешітті зиярат етті. Көк күмбезі көкпен таласқан, сегіз бұрышты зәулім мешіт құрылысы дәріс беру сыныптары, имам бөлмесі және мейіт жуу бөлмесімен қамтылуда.

Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде: «Алланың мешіттерін тек Аллаға, Ақырет күніне иман келтіретін, намазды толық орындап, зекет беретін, Алладан басқадан қорықпайтын жандар ғана салады (жандандырады). Әрі солар тура жолдағылардан болар» деп бұйырады.

Зиярат соңы бас имам құрылысшыларға  мешіт салу сауапты іс екендігін айтып, Алла тағаладан істеріне мол сауап пен береке берсін деп ақ батасын берді.

Алмуханбет Егизбаев

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: