Тараз қаласы «Асым ата» мешітіне «Имам Бухари» институтында білім алған Хадиметов Абдуахид имам болып тағайындалды. Жаңа имамды жұма намазы алдында Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бақытұлы Нұралы жамағатқа таныстырды. Келген имамға жиналған көпшілік қош келдің айтып, қошеметтеп қарсы алды.
Тағайындау рәсімі соңы 15 жылдан астам имам қызметін атқарған тәжірибелі дін маманы жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.
Хадиметов Абдуахид Абдигапирұлы 1994-1998 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы «Имам Ал-Бухари» Ислам институтында білім алған.
2006-2011 жылдар аралығы Жамбыл обылысы, Тараз қаласы «Шайх Заннун» мешітінің имамы болып қызмет атқарды.
2013-2015 жылдар аралығы Жамбыл облысы, Тараз қаласы «Шайх Заннун» мешітінің наиб имамы болып қызмет атқарды.
2015-2021 жылдары Жамбыл облысы, Тараз қаласы «Шайх Заннун» мешітінің бас имамы болып қызмет атқарды.
Алмуханбет Егизбаев
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі