#ТАРАЗ: «Хамрақұл қажы» мешітіне имам тағайындалды

#ТАРАЗ: «Хамрақұл қажы» мешітіне имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Хамрақұл қажы» мешітіне «Имам Бухари» институтында білім алған Ахметов Хамидулла имам болып тағайындалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қарамағында 15 жылдан бері имам қызметін атқарған тәжірибелі дін маманын жамағатқа Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Аманбаев Ержан таныстырды. Қызметке жаңадан келген имам жамағат алдындағы өз сөзінде: «Алланың үйлерін бірер аманат екендігін айтып, мешітті көркейтуде аянбай тер төгетіндігі» жеткізді.

Ахметов Хамидулла Қошқарұлы 1999-2003 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы «Имам Бухари» атындағы институтында «Имам Хатиб» мамандығы бойынша білім алған.

2003-2006 жылдары аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы, «Мохмад Насыр қажы» мешітінің наиб имамы болып қызмет атқарды.

2006-2021 жылдар аралығында «Асым ата» мешітінің имамы болып қызметін атқарған.

Алмуханбет Егизбаев

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: