ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай, Жамбыл ауданының орталық Спорт кешенінде «Денсаулық фестивалі» турнирі болып өтті. Ауданымызда жыл сайын тұрғындар арасында спортты насихаттау мақсатында «Денсаулық фестивалі» өткізіліп келеді.
Мақсат жұртшылықтың, бұқара халықтың назарын денсаулықты сақтау мен нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға әр азаматтың ортақ жауапкершілігіне аудару. Расында да, қанатын кеңге жайған «Денсаулық фестивалi» акциясы жылдан-жылға өркендеп, шынайы Денсаулық мерекесiне айналып келедi.
Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мақсатына орайластырылған iс-шаралардың орындалуы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асырылуының нақты дәлелi болса керек.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі